Тараптар екі ел парламенті арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Әсіресе депутаттардың достық топтары мен заң шығару саласында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды. Ерлан Қошанов екі ел парламенттерінің бірлескен жұмысы қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұдан бөлек, тараптар сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит сияқты бірқатар саладағы серіктестіктің келешегін сөз етті. Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы Ласло Kёверге Мемлекет басшысының атынан «Достық» орденін табыс етті. Бұл марапат оған Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін берілді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Кейінгі жылдары қазақ-мажар қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге маңызды деңгейге айналды. Қос ел көшбасшыларының достығының нәтижесі деп білемін. 2023 жылы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанда ресми сапармен болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Мажарстанға сапары өте нәтижелі өтті. Стратегиялық келісімдерге қол жеткізіліп, маңызды құжаттарға қол қойылды.