Екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылады. Президент озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне тоқталды. Сондай-ақ екі ел қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, Астана серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын. Мәртебелі мейман бұл сапары әскери саладағы ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Жүздесуден соң Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін құрметті қонақты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.