Мемлекет басшысы Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады
  • 7
  • 01.10.2025, 17:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі.

Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.