Қазақстан–Тәжікстан: тауар айналым $680 млн-ға жетті

  • 19
  • 09.10.2025, 19:31

Биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстан Тәжікстанға жалпы құны 600 млн доллардан асатын түрлі тауар экспорттады. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 14% көп. Бауырлас елге жеткізілген өнім арасында бидай, күнбағыс майы, қант, жүгері, табиғи газ, алюминий тотығы бар. Ал импорт екі есе азайған. Тәжік кәсіпкерлерінен 63 млн доллардың тауары сатып алынды. Оның ішінде мырыш, кептірілген жеміс түрлері, минералды және газдалған су, кеңсе тауарлары, әк пен өңделмеген қорғасын бар. Екі ел арасындағы тауар айналымы 680 млн доллар шамасында.