Шикізатқа тәуелділіктен арылу қажет

  • 14
  • 10.10.2025, 19:34

Энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылар 6 триллион теңгеден аса қаржыға қызмет пен тауар сатып алған. Компаниялар отандық өнімдердің үлесін арттыра бастады. Осы ретте Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ірі мұнай-газ компанияларын қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауды күшейтуге шақырды. Бұл бастама Мұнай-газ машина жасау форумында көтерілді. Қазақстан шикізат тәуелділігінен арылуды көздеп отыр. Қазір елде үш мұнай өңдеу зауыты бар. Мәжіліс төрағасы бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретінін мәлімдеді. Форум аясында 440 миллион АҚШ долларының келісімшарттары жасалады деп жоспарланған. Сондай-ақ кеңес алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі ұйымдастырып, 45 компания өнімдерін ұсынып отыр.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Алдымызда Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады.