Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады

  • 10
  • 13.10.2025, 14:52

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Әбибуллаев Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Ал Қазақстанның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев - Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын болды. Қазақстанның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Ахметов еліміздің Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару міндеті жүктелді.