Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады

  • 10
  • 15.10.2025, 19:43

Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа, қайталанатын қылмыстарға және балаларды қараусыз қалдыруға қарсы арнайы шаралар енгізіледі. Мәжілісте бес заңдағы талаптарды біріктірген құжат мақұлданды. «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы қылмыстың азаюына бағытталған. Құжатқа сәйкес қамаудан босап шыққан барлық адам әкімшілік қадағалауға алынады. Сондай-ақ озбырлықты насихаттайтын контентке шектеу қойылады. Ал құқықбұзушылықтың алдын алуға білім, денсаулық сақтау тіпті бизнес салалары тартылады.  

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
 
-Ортақ жауапкершілік енгізіледі. Әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін, мемлекеттік органдар құзіреті бойынша профилактика үшін, мәслихаттар олардың есебін тыңдау бойынша және жергілікті қоғамдастықтардың рөлі күшейтіледі. Профилактика жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәртебесі жоғарылайды. Енді комиссияның құрамы мен құзыретін Президент бекітеді.  

Депутаттар болса, бұл құжаттың әлі де толықтыратын тұстары бар екенін ескертті.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-Басқа осы әскердегі заңсыздықтарды, уставқа қарсы әрекеттерді жоятын тағы қандай тетіктер бар? Бұл мәселені шешудің. Нақты толыққанды шешудің профилактика жасаудың тетігі қарастырылды ма? Басқа да. Әлде осы 17-баптағы стандартты күйімен шектелеміз бе? 

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Толыққанды барлығын шештік, осымен шектелеміз деп мен айтпаймын. Әлі тағы да ұсыныстар болса, біз оны қарайық.