Президент Бектеновке бір апта уақыт берді

  • 43
  • 16.10.2025, 19:30

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру процесстерін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды. 

Президент Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.