Қазақ-әзербайжан транзит тасымалының көлемі артты

  • 11
  • 21.10.2025, 19:37

Бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 20% жоғары. Елдер арасындағы тұрақты және тиімді байланысты қамтамасыз етуде Орта дәліз шешуші рөл атқарады. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын Ақтауда Орта дәлізді дамыту және пайдалану бойынша 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Құжатта Түркия, Әзербайжан және Қазақстан арқылы өтетін аумақ қамтылған. Оған сай, үш елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, жұмыстарды оңтайландыру, қосымша жүк ағынын тарту, бірыңғай тарифтік саясатты жүзеге асыру сынды өзекті мәселелерді шешу қарастырылған. 

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

- Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал.