Сенатта алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қаралды. Медиада пайдаланғанда міндетті түрде таңбалау оны түрлі салада қауіпсіз пайдалану мен құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Сенат құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Сенаторлар заң жобасының жекелеген баптарына жаңа редакция ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Енді ЖИ арқылы жасалған материалдар міндетті түрде белгіленіп, авторлық құқық тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана танылады. Сондай-ақ жасанды интеллект иелері ықтимал зиянның алдын алу шараларын қабылдауға міндеттеледі. Ал медиа салада ЖИ көмегімен жасалған контент арнайы белгімен көрсетілуі тиіс. Бұдан бөлек, Сенат Әкімшілік кодекске де бірқатар өзгеріс енгізді.
Заңда жасанды интеллект жүйелерін реттеу қағидаттары, олардың жауапкершілік деңгейі мен қолдану тәртібі де айқындалды. Яғни жасанды интеллект қолданылған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс. Ал авторлық құқық онда адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана беріледі. Сондай-ақ Сенаторлар жүйе иелерінің ықтимал қауіптің алдын алуға міндетті екенін атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллект адамның еркін шешім қабылдауына кедергі келтіретін немесе биометриялық деректерді рұқсатсыз жинайтын жүйелерді қолдануға тыйым салынады. Құжатқа бірқатар түзету енгізіліп, Мәжіліске қайта жолданды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Алғашқы рет жасанды интеллект, дерекнама және басқа да бірқатар негізгі ұғым заң жүзінде анықталды. Заңдарды қарау барысында Сенаторлар бірқатар ұсыныстар берді. Жалпы бүгін қаралған заңдар цифрландыру саласында Мемлекет басшысы айқындап берген нақты міндеттерді орындауға өз үлесін қосады деп сенеміз.