Бектенов А. Стуббпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

  • 10
  • 28.10.2025, 19:38

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, сондай-ақ қаржы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимылға да назар аударылды. Үкімет басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қадағалауға алатынын атап өтті.

Финляндия Президенті Александр Стубб Қазақстанның жүргізіп жатқан жұмыстарына оң баға беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.