Сенаторлар Қазақстан мен Марокко бірқатар келісімді ратификациялады

  • 9
  • 30.10.2025, 15:59

Сенаторлар Қазақстан мен Марокко арасындағы бірқатар келісімді ратификациялады. Атап айтқанда, ұстап беру, сотталған адамдарды беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы заңдар қабылданды. Бұл құжаттар екі ел арасындағы қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша ынтымақтастықты күшейтіп, құқық қорғау органдарының тиімді әрекеттесуіне, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қылмысқа қарсы күрестегі серіктестікті арттыруға мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, бұл заңдарды Мәжіліс осы жылдың қыркүйек айында қабылдаған.  

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Мақұлданған заңдар Қазақстан мен Марокко Корольдігінің құқық қорғау саласындағы ынтымықтастығын одан әрі дамытуды көздейді. Бұл келісімдер қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімнің ережелері ұстап берудің және сотталған адамдарды берудің шарттары мен рәсімдерін реттейді.