Алматыда ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

  • 25
  • 31.10.2025, 19:51

Алматыда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысында осы мәселелер талқыланды. Жиынға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Беларусь мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. 

Олжас Құсайынов, ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы:

- ТМД қазіргі күнде де әскери ынтымақтастықтың тиімді платформасы болып қала береді. Барлық қатысушы мемлекеттер арасындағы серіктестікті сәтті дамытуға мүмкіндік береді. Отырыс ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өтті.