Үкіметте Алматы әуежайын дамыту мәселесі қаралды

  • 26
  • 03.11.2025, 19:31

Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмасы аясында қазір мұнда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі рейстер терминалын реконструкциялау, мұздан тазартатын заманауи платформа құру және жақын маңдағы үйлерді шудан оқшаулау ісі атқарылуда. 2050 жылға қарай әуежайдың өткізу қабілетін 55 миллион жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Жиын қорытындысы бойынша Үкімет басшысы салалық министрліктер мен Алматы қаласы әкімдігіне бұл жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.