Алда Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.