БҚО-да әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

  • 11
  • 07.11.2025, 19:33

Президент тапсырмасы аясында арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 миллиард теңге бөлінді. 11 жоба ауылдарды ауызсумен толық қамтамасыз етуге бағытталса, қалған 16 жоба денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналады. Мәселен, Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып жатыр. Бұл нысандар ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтып, аудандық ауруханалардағы жүктемені азайтады. Қазір өңірде 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі. Ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.