Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында «Вечная дружба – путеводная звезда для наших народов» атты мақаласы жарияланды. Президент сөз басында қос халықтың байланыстары тарихтан тамыр тартанынын, ортақ мәдени кеңістікті бірге қалыптастарғанына тоқталды. 1992 жылы қол қойылған мәңгілік достық мен өзара ықпалдастық туралы келісім, мемлекетаралық қатынастың өзегі мен халықтар таңдауының символына айналғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Қазақстанның аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Атап айтқанда, бес теміржол, сегіз автомобиль жолдары. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы өтетін жүк тасымалының 85%. Қазақстан мен Ресейдің жер көлемі мен географиялық орналасуын ескерсек, транзиттік бағыттар мен сәйкес инфрақұрылымды дамыту Еуразияның тұрақты транспорттық байланыстарын қамтамасыз етуде зор маңызға ие. Бұл мақсатқа жету үшін елдеріміз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің өткізу қабілетін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 30 автомобиль өткізу бекетін жаңғырту есебінен кеңейтіп жатыр».