Енді радиоактивті қалдықтарға қатысты барлық жұмыс жүйелендіріліп, бір орталықтан басқарылатын болады. Мәжілісте Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңның таныстырылымы болды. 7 тарау мен 35 баптан тұратын құжат Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгерістер енгізуді де қарастырады. Айта кету керек, қазірдің ел аумағында Семей ядролық полигонынан қалған ластанған жыныстармен топырақтарды қоса алғанда 290 млн тонна қалдық бар.
Оның сыртында 3 атом электр стансасы салынған соң қалдықтармен жұмыс істеу көбейеді. Есте болса, өткен айда Президент осы саладағы құзыреттердің өңірлік кеңесін құру бастамасын көтерген. Енді заңға сәйкес қалдықтармен жұмыс толық жүйелендіріліп, оны басқаруға Курчатов қаласындағы Ұлттық Ядролық орталық - Ұлттық Оператор ретінде белгіленді.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қазірдің өзінде бізде атап айтатын болсақ, 160-тың үстінде тонна жоғары активті қалдықтар бар. Енді төменгі активті, орта активті одан да көп. Біз соның бәрін жүйелі түрде басқару дейді ғой, мысалы түзіліп жатқан қалдықтарды білуіміз керек, қанша? Тасымалданып келе жатқаны, ол қай жерге көміліп жатыр, қай жерде сақталып отыр? Қайсысы оның жаңағы өңдеуге жатқызылады. Осының бәрін мемлекет өзінің бақылауына алып ұстап отыруы керек.