Жыл аяғына дейін елдің Цифрлық стратегия жобасы әзірленеді

  • 0
  • 26.11.2025, 19:49

Жыл аяғына дейін елдің Цифрлық стратегия жобасы әзірленеді. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысында экономиканың барлық салаларын трансформациялауға арналған Digital Qazaqstan, кең ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу стратегиясының жүзеге асыру моделі бекітілді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалануға өтінім беруге арналған Alem.Cloud платформасын таныстырды. Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты жүйелердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-шы орынды иеленді. Сонымен бірге Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі мәлімдегендей жаңа Стратегия 10 негізгі бағытты қамтитын ұлттық «мұзжарғыш» жобалармен жүйеленбек. Олар цифрлық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, білім беру және еңбек нарығы, цифрлық экономика, деректер, киберқауіпсіздік, робототехника, цифрлық инфрақұрылым, реттеу және стартаптар экожүйесі. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы, Цифрлық стратегияның жобасын жыл соңына дейін әзірлеуді тапсырды.