Үкімет халықаралық қаржы ұйымдарымен жаңа жобаларды талқылады

  • 7
  • 27.11.2025, 19:33

 Жиынға Премьер-министр басшылық етті. Олжас Бектенов бізде бірлесіп жүзеге асырылған табысты жобалар мол екенін атап өтті. Күн тәртібінде ел экономикасына оң әсер беретін жобаларға халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуын арттыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ инфрақұрылым мен көлік саласын одан әрі дамыту, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жобалары қаралды.

Асқар Намазбаев, ЕҚДБ-ның ҚР-дағы басшысының орынбасары:

- Біздің банк Қазақстан экономикасына қомақты қаржы салған инвесторлардың бірі. Атап айтсақ, инфрақұрылым, энергетика саласындағы жобаларды іске асырдық. Енді денсаулық сақтау саласын қамтудамыз. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Алматы қаласында аурухана салу көзделуде. Үкімет бүгінгі жиында ынтымақтастықты нығайтуға байланысты тағы бірқатар ұсынысын айтты.