Ерлан Қарин Қырғызстан Мемлекеттік хатшысымен кездесті

  • 8
  • 27.11.2025, 19:39

Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтылды. Қырғызстан елінің өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті. Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады. 

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі:

- Қазақ пен қырғыздың мәдени, рухани, әдеби байланысы тереңде жатыр. Шыңғыс Айтматов қырғыздың ғана емес, қазақ халқының да мақтанышы. Биыл Бішкек қаласында достықтың алтын көпірі ескерткішінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы заңғар жазушының «Жәмила», «Ақ кеме», «Ана жер ана», «Боранды бекет» шығармалары қазақ әдебиетінің де қазынасына қосылған асыл мұралар деп күмәнсіз айтуға болады», - деп Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын жоғары бағалады. 

Осылайша қазақ пен қырғызға ортақ жазушының 100 жылдығына арналған халықаралық тур Алматыдан басталды

Болот ТентимышоВ, Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филормониясының көркемдік жетекшісі: 

- Бүгін мемлекеттік деңгейде беташары болды. Бұдан әрі бізде Бакуда сапар күтіп жатыр, Анкарада әйтеуір көптеген шаралар. Ақырғысы өзінің қоғамдық істер істеп кеткен Брюссельде. Біз осы жерде жиынтығын шығарсақ деп ойлаймыз. Осы жолы Шыңғыс Төреқұлұлының 100 жылдығына арнайы біз алғаш болып біздің ұлттық филармониямыз Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Алматыны турнеден бастадық.