Ауыл әкімдері елордада панельдік сессияларда тәжірибе алмасты

  • 6
  • 28.11.2025, 19:31

Елордаға жиналған ауыл әкімдері Президенттің қатысуымен өткен негізгі жиыннан кейін панельдік сессияларға қатысты. Түрлі сала мамандарымен пікір алмасып, өзара тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Әлеуметтік саясат, адами капиталды дамыту, ауыл шаруашылығын ілгерілету. Әр бағыт өзекті. Ашық микрафон форматы болғандықтан өз мәселесін көтеруге асыққандар көп болды .  

Нұрсұлтан Қуатов, СҚО Қызылжар ауылдық округінің әкімі:

- Біраз сұрақтар әкімдеріміз қойып жатыр. Біздің ауылдарымызда екінші үлкен көлік алуға трактор, погрузчик сол мәселелелер көтеріліп жатыр. Солтүстікте босап жатқан үйлеріміз, жерлеріміз көп. Сол біз ауылды тұрақтандыру үшін шешілген мәселелермен ауылымыздың экономикасын көтереміз. 

Бұл басқосу ауылдағы біраз түйткілдерді шешу жолдарын іздеуге, қажетті кеңес алуға үлкен мүмкіндік берді. 

Жәнібек Нұрлыбекұлы, Абай облысы Ақшәулі ауылының әкімі:

-Ары қарай жұмыс істеу керек тәсілдерін көрдік. Қандай жоспарлар бар келешекке жұмыс істеу керек екенін. Ауылдың ең басты несі интернет. 2026 жылы кабелді жүйеде интернет толық тартылады деп хабар келді 2026 жыл жоспарда. 

Ауылдық аумақтарды цифрлық дамытумен қоса табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қаржылық саясат сияқты тақырыптар бойынша да талқылаулар өтті. 

Ердәулет Ыбырайұлы, Қайрат Ақтөреев