Аталған құжат тиісті кодекстерге түзету енгізуді қарастырады. Оған сәйкес, енді жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктері күшейтіледі. Сондай-ақ мәдениет бағытындағы өзгерістерге сәйкес бұған дейін қоғамда қызу талқыланған, концерт кезінде фонограммаға тыйым салу тетігі осы заңда күшіне еніп отыр. Аталған заңда сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау бағытында да түзету бар.