Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданып, жер ресурстарын тиімді пайдалану керек. Өңірге іс-сапармен барған сенаторлар осылай дейді. Олар аймақтағы жылыжай кешендері және крахмал өндіретін зауыт жұмысымен танысып, агроөнеркәсіпті дамыту жайын талқылады.