Қ. Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Қ. Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
  • 6
  • 08.12.2025, 12:36

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. 
🟦

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.