Президент бірқатар елдегі Қазақстанның елшісін тағайындады

  • 8
  • 09.12.2025, 18:30

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Чехиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Ақан Рахметуллин Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Сондай-ақ Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы Қазақстан Өкілдігінің Басшысы Роман Василенко Қазақстанның Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болды. Ал Бақыт Дүйсенбаев Қазақстанның Чехиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.