Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
  • 20
  • 16.12.2025, 11:17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.