«Таза көмірдің» заманауи технологияларына тез көшу керек. Бұл зиянды қалдықтарды едәуір азайтып, электр стансаларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жанындағы «Жасыл экономика» жөніндегі кеңестің отырысында осылай деді. Қазір елдегі зиянды шығарындылардың 39 пайызы энергетика саласына тиесілі. Ең жоғары ластану деңгейі Павлодар облысы мен Алматы қаласында тіркелген. Сондықтан Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Алматы электр стансаларында эмиссияларды автоматты бақылау жүйесі енгізіледі. Ақпарат Экология министрлігіне нақты уақыт режимінде берілмек. Жүйе 2026 жылы толық іске қосылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:-Мемлекет басшысы энергетика саласын түбегейлі жаңғырту бойынша міндеттер қойып отыр. Осыған байланысты Энергетика министрлігі мен Samuruk Energo компаниялары қысқа мерзімде таза көмірдің заманауи технологияларына жедел көшу жөнінде ұсыныстар енгізсін. Жаңа жобалардың барлығы зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.