Трамптан тарту таралғы. АҚШ президенті Қазақстанның Құрама штаттарындағы елшісі Мағжан Ілиясовтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жолдады. Бұл туралы telegram парақшасында Президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. Ақ үй басшысына сенім грамотасын табыстау рәсімінен соң ол елшімен аз-кем әңгімелесіп, Қазақстан Президентімен болған қарашадағы кездесуден алған әсерлерімен бөліскен. Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық үдерістерді терең түсінетін тәжірбиелі мемлекет қайраткері әрі керемет адам деп сипаттаған. Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболканы Трамп мырза Қазақстандық әріптесіне тарту ретінде ұсынған.