Тоқаев жас жазушыларға арнаулы әдеби сыйлық табыстады

  • 10
  • 24.12.2025, 17:11

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Әлменбетке, «Поэзияда» «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжановқа, «Драматургия» бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиевке, «Балалар әдебиеті» номинациясында «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегеновке берілді.