Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырыс өтті

  • 55
  • 09.01.2026, 18:35

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті.

Еске сала кетсек, Президент Жарлығымен 8-ші қазанда құрылған жұмыс тобы 14-ші қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен алғашқы отырысын өткізді. Сол кезде e-Otinish мемлекеттік платформасы мен eGov қызметі жанынан Парламенттік реформа бөлімі ашылған еді. Жұмыс тобының екінші отырысында жаңа парламент құру мәселелері қаралса, үшінші отырыста жұмыс тобының мүшелері болашақ парламенттің заң шығару процесінің тетіктерін талқылады.

Төртінші отырыста мәлімделгендей, оған азаматтардан, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдастық өкілдерінен 500-ден астам ұсыныс түскен. Ерлан Қарин атап өткендей, алдағы реформаны кең көлемде талқылау одан ертерек басталып кетті. Ол 2019-21 жылдары іске асқан саяси бастамалар мен 2022 жылғы Конституциялық реформаларды да қамтитын ауқымды саяси модернизацияның жалғасы. Жұмыс тобының отырысында болашақ Парламенттің өзге билік институттарымен іс-қимылы және оның атауы басты тақырып ретінде талқыға салынды.

Жұмыс тобының мүшелері Конституцияға кіретін ауқымды өзгерістер заң шығарушы биліктің тиімділігін арттырып қана қоймай, маңызды мемлекеттік институттардың өзара тиімді іс-қимылына серпін беретініне сенім білдірді. Парламент жүйесін жетілдіруге қатысты тың ұсыныстар жұмыс тобының келесі отырыстарында да қабылдана береді.