Президент АҚШ-пен келіссөздер бойынша өзінің өкілін тағайындады

  • 6
  • 13.01.2026, 21:30

Швейцарияның Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыхан енді Мемлекет басшысының өкімімен Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесстерінде Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттерін атқарады.

Еске сала кетсек, Ержан Хозеұлы әр жылдары халықаралық мәселелерде президенттің көмекшісі лауазымдарынан бөлек Сыртқы істер министрі және Қазақстанның АҚШ-ғы елшісі лауазымын атқарған тұлға.