Алаяқтық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруде – Президент

  • 7
  • 20.01.2026, 21:37

Алаяқтар ұлттық қауіпсіздікке нақты қатер төндіретін қауіпке айналды. Мемлекет басшысы Қызылордадағы Құрылтайда осылай деп, заң мен тәртіпті бұзғандардың бәрін батыл түрде жауапкершілікке тартуға шақырды.

Президент медициналық сақтандыру қорынан орасан зор қаражат ұрланғанын, жедел жәрдем қызметінің өкілдері мен фельдшерлердің алаяқтардың арандатуына еріп, наразылық акцияларына шығып жүргенін де атап өтті. «Бұл - қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет», - деді. Сонымен қатар азаматтар алаяқтардың құрбанына айналып, адал еңбекпен жинаған қаражатынан айырылып жатыр.

Мемлекет басшысы көші-қон саласындағы алаяқтықтың да күшейгенін жеткізді. Еуропа мен АҚШ-тағы жағдайды мысалға келтіріп, Қазақстан шетелдіктер үшін барған сайын тартымды елге айналып жатқанын айтты. Елде тіпті шетел азаматтарына құжаттарды заңсыз рәсімдеген алаяқтардың қылмыстық әрекеті әшкереленген. Осының бәрін ескере келе, Президент: «Алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуді бірінші кезектегі міндет», - деп атады.