Бірпалаталы Парламент құру – ел болашағы үшін тағдыршешті, өте қажет шешім.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда ұсынған саяси реформалардың маңыздылығына тоқталды. Президент бастамалары мемлекеттілікті нығайтуға, тәуелсіздікті бекемдеуге және билік жүйесін кешенді түрде жаңғыртуға бағытталған. Сондай-ақ құрылтайда көтерілген ұсыныстарды ұлттық деңгейдегі институционалдық өзгерістердің бастауы деп бағалады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Бұл реформалар – ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы. Соның аясында мемлекеттік құрылымның концепциясы кешенді түрде өзгермек. Сөйтіп билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады. Бұл қадамдарды «Президент Тоқаевтың әділет жолы» деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, кешенді реформалардың жүйелі жалғасы.