Сенат Президент бастамаларын толық қолдайды

  • 7
  • 22.01.2026, 21:31

Сенат депутаттары Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайды. Сондай-ақ оларды ілгерілетуге өз үлестерін қосады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше Ұлттық құрылтайда еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды бастамалар көтерілді. Конституциялық және парламенттік реформаға қатысты нақты ұсыныстар айтылды.  

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-  Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі айқындалды деп айтуға толық негіз бар. Сенат депутаттары Мемлекет басшысының елімізді дамытуға және Тәуелсіздігімізді нығайтуға арналған бастамаларын толық қолдай отырып, оларды ілгерулетуге өз үлесін қосады.