Бірпалаталы Парламент – тиімді басқару жолы

  • 10
  • 23.01.2026, 21:35

Еліміздің парламенті «Құрылтай» деп аталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші жиынында мәлімдеген еді. Мамандар: «Бірпалаталы парламент заң шығару процесін жеңілдетіп, маңызды шешімдердің уақытында қабылдануына сеп болады», - деп отыр.  

Қайрат Тастакеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жасап жатыр. Комиссия ол палата қалай болу керек, қанша мүше болу керек, қалай сайланады деген сұрақтар өте толғандырады. Болашақта сол палата «Құрылтай» деп аталады. Бұл да үлкен тарихи сөз. Өйткені өзіміздің қазақ халқы жиналыстарды құрылтай жиналысы деп бастаған. Сол тарихқа үңіле келіп, қойылған тарихи ат деп ойлаймын.