Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.
Оның орнына Асқарбек Маратұлы Ертаев тағайындалды. Бұған дейін ол ведомствода бірінші вице-министр лауазымында қызмет атқарған болатын.