Конституциялық реформа негізінде сот билігін жаңғырту Заң мен тәртіп қағидатын бекіте түседі. Яғни сот жүйесі әділ, әрі тәуелсіз болған кезде халық өз құқығының қорғалатынына сенеді. Қазір халық әділеттсіздікке тап болса Президенттен араша сұрап, хат жолдап жатады. «Шын мәнінде, мәселе оған дейін шешімін табуы тиіс», - деді заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Балашев. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформа негізінде судьялардың жауапкершілігі артып, сот жұмысы ашық әрі түсінікті болатынына сенімі мол.
Талғат Балашов, заң ғылымдарының докторы, профессор:
- Әрине соттарға да үлкен жүк. Әр даудың екі ұшында екі жағында адам тұрады. Егер бір жақты ғана тыңдап, біржақты шешім қабылдасаңыз ол заңды болуы мүмкін, бірақ әділ емес дейді. Мұны Төле би бабамыз айтып кеткен. Сондықтан екі жақты бірдей тыңдау керек. Таразының басына салу керек, дәлелдерін қарау керек.