Қазақстан қазір елді одан әрі үдемелі дамытуға бағытталған ауқымды өзгерістердің алдында тұр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді дамуының негізін қалайтындығын атап өтті. Жаңа Конституция жобасының мәтіні мерзімді басылым беттерінде жарияланған. Құжат азаматтардың, қоғамдық институттардың, саяси партиялар мен заңгерлердің ұсыныстары негізінде әзірленді. Комиссия отырыстарында ашық әрі мазмұнды талқылаулар болды.
Mәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде конституциялық реформалар жүргізіліп жатыр. Олар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды көздейтін ауқымды жаңғырту стратегиясының маңызды бөлігі. Нәтижесінде елдің бүкіл саяси жүйесінің тиімділігі, ашықтығы мен белсенділігі артады. Сондай-ақ саяси ықпал мен жоғары өкілді органның рөлі күшейтіледі. Осыған байланысты елдің жаңа Конституциясының мәтіні дайындалып, жарияланды. Жаңа Ата Заң азаматтардың, қоғамдық институттардың, саяси партиялар мен заңгерлердің ұсыныстары негізінде әзірленді. Комиссия отырыстарында ашық әрі мазмұнды талқылаулар болды. Жаңа Конституция еліміздің ұзақмерзімді дамуының негізін қалайды.
.