Сенатта Ата Заң жобасының негізгі мәні талқыланды

  • 231
  • 09.02.2026, 21:42

Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені терең, әрі жүйелі жаңғыртуға бағытталған реформаларының заңды жалғасы. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ата Заң жобасының негізгі мәнін талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты. Оның сөзінше, Ата Заң жобасы заң мен тәртіп қағидаттарына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ орнықты даму мен экологиялық жауапкершілікке негізделген. Жиынға Сенат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Олар Ата Заң жобасы жөнінде пікір алмасып, конституциялық реформаны сараптамалық тұрғыда сүйемелдеудің маңызын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Реформаның басты мақсаты әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделін қалыптастыру. Сол арқылы әділдікке, заң үстемдігіне және тең мүмкіндікке негізделген мемлекет құру көзделіп отыр. Конституциялық реформаны жүзеге асыру бүкіл ұлттың ортақ жауапкершілігі екені анық. Сондықтан осындай маңызды кезеңде бірлік пен ынтымақтың маңызы аса зор.