Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 287
  • 11.02.2026, 10:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.