«Жаңа Ата Заң жобасы – әділетті Қазақстанның Конституциялық моделі»,- деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Ол Конституциялық комиссияның және оның құрамындағы Парламент депутаттарының қажырлы жұмысын ерекше атап өтті. Сондай-ақ әріптестерін Ата Заңымыздың ережелерін түсіндіру жұмыстарына бір кісідей атсалысуға шақырды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бұл ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасуда.