МӘМС цифрлық жүйеге көшеді

  • 435
  • 13.02.2026, 21:46

Елімізде Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе құрылады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйенің арасында байланыс болмауы салдарынан бюджет қаржысы жымқырылған. Саладағы өзгерістердің жүзеге асу барысы мен МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар жайлы бүгін сағат 22:00-де арнамыздағы «Қоғам пікірі» бағдарламасынан біле аласыздар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жалған құжат толтырып, деректерді бұрмалайтын қитұрқы жолдар бар екені анықталды. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Тағы да айтамын. Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау мекемелері барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуы қажет.