Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

  • 461
  • 16.02.2026, 21:48

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл облысына барып, өңір тұрғындарымен кездесті. Жиынға қатысушылар жаңа Конституция мемлекеттің ұзақмерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті. Коалиция құрамында 5 саяси партия мен 300 қоғамдық ұйым бар.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

-Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтіндігін, ал халық Президентіне сенетіндігін көрсетеді.Мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, 19 ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Францияда 5-ші республика бойынша өткен референдум дүниежүзі тарихында бүгінде қалып отыр. Алдағы біздің референдум де ел тарихында алтын әріппен жазылатын, ойып тұрып орын алатын оқиғаға айналады деп мен санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де сіздердің өздеріңізде.