Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдері Астанаға жұмыс сапарымен келді. Қазақстандық тарап делегацияға Конституцияның жаңа жобасын таныстырды. Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова жобаның ашық талқыланып, азаматтардан түскен ұсыныстар мен пікірлер ескерілгенін жеткізді. Ал делегация өкілдері мұндай маңызды саяси үдерістерде ашықтық пен сараптамалық пікірдің рөлі айрықша екенін жеткізді.