Энергетика және инфрақұрылым жобаларына ₸5,3 трлн инвестиция тартылды

  • 231
  • 23.02.2026, 21:52

Биыл елдің жалпы ішкі өніміне оң әсер ететін жоспарланған инвестиция шығындар 5 триллион 300 миллиард теңге болмақ. Бұл қаржы энергетика және инфрақұрылым салаларындағы стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Яғни Алматыдағы 2 және 3-жылу электр орталықтарын жаңғыртуға жұмсалмақ. Сонымен қатар Түркістандағы бу-газ қондырғысын салу және Каспий теңізінің түбінен талшықты-оптикалық желі тарту жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылы қордың қаржылық көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарды. Түсім 19 триллион теңгеден асып, активтер 9 пайызға өсіп, 88 миллиард долларға жеткен. Инвестициялық бағдарлама аясында жалпы құны 1 триллион 100 миллиард теңгелік 10 жоба іске қосылды. Олардың қатарында жылдық қуаты 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылған CASPI BITUM зауыты, Кендірлідегі тәулігіне 50 мың текше метр су өндіретін тұщыту кешені және «Достық – Мойынты» теміржол желісінің екінші тармағы бар.