Ақтауда өңірлік коалиция мүшелері ұстаздармен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді. Жиында Ата Заңға енген өзгерістердің мәні, алдағы референдумға қатысудың маңыздылығы айтылды. Мұғалімдер білім беру саласына айрықша назар аударылғанын айтты. 15 наурызда өз таңдауын жасауға әзір екендігін жеткізді. Ұстаздардың айтуынша, референдум ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат үшін жауапты сәт. Жалпы өткен айдан бері Маңғыстаудағы коалиция өкілдері 300-дей еңбек ұжымымен кездесу өткізген. Олардың арасында мұнай, медицина, өңдеу өнеркәсібі және өзге де саланың мамандары бар.
Амангүл Жайылханова, өңірлік коалиция мүшесі:
-Осы кездесуімізге 150-ден астам мұғалімдер қатысты. Басым көпшілігі жастар екен. Қазіргі біздің жаңадан қабылданатын Конституциямыздың жаңа мазмұнының аясында осы жастар жөнінде де айтылған. Білім-инновация жөнінде де айтылған. Біз осы бағыттағы өз ойымызбен бөлістік және оны бүгінгі таңдағы мұғалімдеріміз жақсы қарсы алды.