Сәтбаев қаласында жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған өңірлік жастар форумы өтті. Оған өндірісте тер төгіп жүрген еңбекші жастар мен еріктілерден 500-ден астам делегат қатысты. Ұйымдастырушылар шараның мақсаты – Ата Заңның жаңа жобасын түсіндіру және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру дейді. Форум спикерлері Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы референдумның маңыздылығын айтты. Ал жастар өз кезегінде сұрақ-жауап түрінде өткен пікір алмасуға белсенді қатысып, ел болашағына атүсті қарамайтындарын көрсетті.
Луиза Мыңбаева, жастар ұйымының төрағасы:
-Негізі осындай форумдар керек. Өйткені белсенділік танытып, сұрақ қойып, жауап алу халыққа нағыз керек қазіргі таңда. Қаншама ақпарат алып жатырмыз. Менің ұстанымым 15 наурыз күні баршамыз референдумға қатысып, өз даусымызды беру. Ол біздің азаматтық борышымыз деп білемін.