Қайғылы оқиға салдарынан Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи мен елдің бейбіт тұрғындарының, оның ішінде балалардың қаза болғаны туралы суыт хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Иран елшілігіне барған Сенат төрағасы осылай деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың, қазақстандықтардың және Парламенттің атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты. Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Сондай-ақ әңгіме барысында Әли Акбар Джоукар Иранды Қазақстанның жақын көршісі және серіктесі екенін айтты. Мәулен Әшімбаев қақтығысты бейбіт жолмен шешуде жәрдемдесуге Қазақстан қашан да дайын екенін жеткізді.