Түркістанда жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр

  • 12
  • 09.03.2026, 21:45

Конституцияның жаңа жобасы ел арасында кеңінен талқыланып жатыр. «Ата Заңның жаңа жобасы мемлекет пен қоғамның тұтастығын айқындап қана қоймай, уақыт сұранысына сай, заманауи үдерістер мен цифрлық технологияны қолдану аясын кеңейтеді», - дейді Түркістан тұрғындары. Олардың айтуынша, жаңа Ата Заңның Преамбуласында ұлттық болмыс, мәдениет пен тарих, сандық жүйе мен құқықтық ұстанымдар айқын көрсетілген. Сондықтан көпшілік жаңа Конституция жобасын – әділетті қоғам қалыптастырудың басты кепілі деп санайды.